Спорттық іс-шаралар

Спорт күнiн мерекелеу

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегiнде №5 ОМ аудан әкiмiнiң қатысуымен спорт Күнiне арналған салтанатты iс-шара болып өттi.

Залға Тайынша ауданының атақты спортшылары ғана емес барлық спортты құмартушылар жиналды.

Iс-шара барысында аудан спортшыларына дене тәрбиесi және спорт саласындағы жоғары спорттық көрсеткiштерi, саламатты өмiр салтын насихаттағандары үшiн, спорт Күнiн мерекелеу қарсаңында Тайынша ауданы әкiмiнiң Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табыс етiлдi.

Марапатталғандардың қатарында жаттықтырушылар және спортшылар, әр түрлi деңгейдегi спартакиадалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi болды.

Iс-шара ауданның творчестволық ұйымының концертiмен аяқталды.

Спорт күнін мерекелеу

Облыстық әйелдер спартакиадасы

2016ж. 25 тамызынан бастап 27 тамыз аралығында Қызылжар ауданы Бескөл а. спорттың жетi түрi бойынша облыстық әйелдер спартакиадасы өттi.

Табан тiрескен күресте Тайынша ауданының командасы 140 ұпай нәтижесiмен жалпы командалық екiншi орынды иелендi. Бiрiншi орынды 140,5 ұпай нәтижесiмен иелерi Қызылжар ауданының командасы жеңiп алды. Үшiншi орынды 108 ұпай нәтижесiмен Айыртау командасы иелендi. Төртiншi орында 107,5 ұпаймен Мағжан Жұмабаев. Бесiншi 107 ұпаймен Ғабит Мүсiрепов. Барлығы 13 аудан қатысты.

Екi жыл қатарынан стритбол бойынша келесi команда құрамы чемпион атанып келедi: Чеховская Виктория, Сидоренко Дарья, Қаирбекова Нәзигүл, Исенеева Анар, (жаттықтырушы Тоқубаев Д.С.).

Сонымен қатар, шағын-футбол бойынша чемпиондар: Бизикова Алена (Леонидовка а.), Ушакова Елена, Тривайлова Дарья, Рожанская Анна, Ақанова Кәмила, Аноп Диана, Серiкбай Динара (жаттықтырушы Манукян С.Х.).

Велоспорт бойынша келесi команда құрамы екiншi орында: Линкевич Наталья (Подольский а.), Чижевская Ольга, Шульц Валентина (Летовочный а.), Луценко Любовь (Мироновка а.). Жеке бiрiншiлiктегi 20 км. топтық жарыста Чижевская Ольга (Летовочный а.) үшiншi орынды иелендi.

Келесi құрамда бiздiң қыздарымыз тоғызқұмалақ бойынша екi жыл қатарынан үшiншi орынды иеленiп келедi: Героева Анастасия, Бульц Светлана (Тайынша), Қуанышева Гаухар (Теңдiк а.) — команда өкiлi Самохвалов В.Э.

Бiздiң қыздарымыз келесi құрамда еркiн күрес бойынша жақсы өнер көрсетiп, жалпы командалық үшiншi орынды иелендi: Страдомская София, Досмұхан Сымбат, Бектемiр Алтынжан, Бейсембина Сәуле, Кошенова Гүлмира, Баймұқанова Гүлнарай (жаттықтырушы Кудулов Е.А.). Барлығы Қарағаш а. тұрады.

Сондай-ақ жеңiл атлетикадан да нашар өнер көрсеткен жоқпыз, төртiншi орынды жеңiп алдық: Кухта Дарья (Чкалов а.), ұзындыққа секiру бойынша күмiс жүлдегер атанды (өкiлi Самохвалова А.А.).

Жағажай волейболы бойынша тоғызыншы орындамыз.

Әйелдер спартакиадасының туын Тайынша ауданына табыс еттi.

Халық спортының жиырмасыншы Ойындарының 5-шi спартакиадасының аяқталуы бойынша бiздiң ауданымыз 67 ұпай нәтижесiмен бiрiншi орынды иелендi. Екiншi орында 62 ұпай нәтижесiмен Ғабит Мүсiрепов ауданы. Үшiншi орында 61 ұпай нәтижесiмен Қызылжар ауданы.

Бiздiң ауданымыздың барлық спортшыларын халық спортының жиырмасыншы Ойындарының 5-шi спартакиадасының нәтижелерiмен құттықтаймыз және алғыс айтамыз, болашақта жаңа жеңiстер тiлеймiз.

Облыстық әйелдер спартакиадасы

«Тайынша Барысы»

2016 жылдың 21 наурызында Тайынша қ. қазақ күресi бойынша «Тайынша Барысы» аудандық турнирi өттi.

Жарыстарға алты салмақтық санаттар бойынша 33 спортшы қатысты.

Салмақтық санаттар бойынша жеңiмпаз атанды:

  • 55 кг. — Әбiлов Беймбет;
  • 60 кг. — Қанай Дулат;
  • 66 кг. — Қасқұлаков Ержан;
  • 74 кг. — Хамит Арлен;
  • 80 кг. — Жүсiпбеков Манарбек.

80 кг. артық салмақтық санаттар бойынша:

1 орын — Әлжан Шоқан; екiншi орын — Хасенов Қайрат,  үшiншi орын — Қахабаев Санат.

2016 жылдың 7 мамырында Петропавл қ. қазақ күресi бойынша «Қызылжар Барысы» облыстық турнирi өтедi, турнирге Әлжан Шоқан және Хасенов Қайрат қатысады.

«Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы» «Тайынша Барысы»

Мақаланы құрған күні 27.03.2018 10:21

Мақаланы жаңартқан күні 05.02.2019 12:40

Послание президента РКАкордаПремьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz